Қашаған кен орны уақытша жабылады

Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.

Қашаған кен орны уақытша жабылады
ҚазМұнайГаз
224

7 қазанда Қашаған кен орны жөндеуге жабылады. Кен орнындағы жөндеу жұмыстары қарашаның басына дейін жалғасады.

"Қашаған кен орнында жөндеу жұмыстары 7 қазанда басталып, 30 күнтізбелік күнге созылады", - делінген Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Қашаған - Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан Қазақстанның қайраңды мұнай-газ кен орны. Соңғы 40 жылда ашылған әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі.

Серіктес жаңалықтары