4882
Астанада жантүршігерлік оқиға болды
Ерлі-зайыптылардың арасында жанжал болып, соңы өліммен аяқталған
Астанада жантүршігерлік оқиға болды. Ер адам әйелін ұрып-соғып кейін, көпқабатты үйдің жоғары қабатынан секіріп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның дерегінше, ерлі-зайыптылардың арасында ұрыс туған, соның арасында ер адам әйелін ұрып тастаған.
«Биыл 1 қазанда сағат 23:36-да полицияға жолда ер адамның табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері ерлі-зайыптылардың арасында жанжал болып, оның барысында ер адам әйелге дене жарақатын салып, кейін тұрғын үйдің 10-қабатынан секіргенін анықтады. Жәбірленуші әйел ауруханада жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деді полициядан.