Алматы облысында анасы 2 жасар қызын өлтірді деген күдікке ілінді
Телеарна хабарлауынша, қайғылы оқиға кішігірім үйшікте болған. Болжам бойынша, анасы түнде қызын ұрып-соққан.
Алматы облысындағы Боралдай ауылында әйел 2 жасар қызын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлады turkystan.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап
Телеарна хабарлауынша, қайғылы оқиға кішігірім үйшікте болған. Болжам бойынша, анасы түнде қызын ұрып-соққан.
Көршілердің айтуынша, әйел бөлмеге көшпек болған, алайда тек жиһаз бен кейбір заттарды ғана көшіріп үлгерген. Диас Қанатов отбасымен уақытша үй жалдап тұрады. Жас жігіт қайғылы оқиға түнде болғанын айтты. Көршісі олардан көмек сұрап жүгіріп келген.
Әйел екі жасар қызының кенеттен ұстамасы пайда болғанын айтқан. Біраз уақыттан кейін ол баланың өлгенін хабарлап, тіпті өз қызын ағаштың жанына жерлемек болған көрінеді.
«Анам бұл әйелдің бізге жүгіріп келгенін айтты. Ол баланың ұстамасы басталғанын айтыпты. Қыз таңға қарай қайтыс болған екен. Көршіміз анама қызын ағаштың жанына жерлеуді ұсынды. Менің туыстарым оны есі дұрыс емес деп ойлап, одан қорқып қалды», – деді Диас.
Журналистердің айтуынша, 39 жастағы әйел екі бала тәрбиелеп отырған. Күйеуі басқа елдің азаматы. Ол отбасымен бірге тұрмаған деген болжам бар. Жергілікті тұрғындар көршінің жақында ғана көшіп келгенін, бірақ сонда да жанжал шығарып үлгергенін айтты.
«Бізге полиция келді. Олардан баланың денесінде көгерулер бар екенін естідік. Бастапқыда бізді әйелдің мінез-құлқы алаңдатты. Ол менің анаммен дауды өзі бастауы мүмкін еді», – дейді Диас Канатов.
Тұрғындардың айтуынша, баланың анасы біртүрлі әрекеттер жасаған және ашулы болып көрінген.
«Полицейлердің өздері оның баланы ұрғанын айтты. Қыздың денесінде көгерулер бар деп айтылды. Бірде мен көршімнің балалармен серуендеуге шыққанын көрдім. Кенжесі арбада болды. Бұл әйел маған ашулы болып көрінді», – дейді тағы бір көршісі Рабига Интезарова.
Күдікті ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Егер әйел кінәлі деп танылса, ол 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.