Астанада гауһар тасты сақина ұрлаған әйел видеоға түсіп қалған

Бұйымның құны жарты миллион теңгеге жуық.

Астанада гауһар тасты сақина ұрлаған әйел видеоға түсіп қалған
istockphoto.com
Автор
Админ
420

Астанадағы бағалы әшекей бұйымдар сататын дүкендердің бірінен гауһар тасты жүзік жоғалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дүкеннің 56 жастағы иесі әшекей бұйымның жоғалғанын бірнеше сағаттан кейін ғана байқаған.

Полиция қызметкерлері видеобақылау камерасын қарап, күдіктіні анықтады. 63 жастағы күдікті Ақмола облысындағы ауылдардың бірінің тұрғыны болып шықты.

«Астанаға келген әйел өзіне алтын бұйым қарамақ болған. Зергерлік бұйымдар сататын дүкенге кіріп, сатушы басқа клиенттерге қызмет көрсетіп жатқанда витринада тұрған жүзікті алып, кетіп қалған», - деді полиция.

Күдікті кінәсін мойындады, айғақ зат тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары