Талғарда төбелес болып, бір жігіт қаза тапты

Әлеуметтік желіде Талғарда болған төбелестің видеосы тарады.

Талғарда төбелес болып, бір жігіт қаза тапты
istockphoto.com
430

Желі қолданушылары төбелес кезінде оқ атылғанын айтып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы облысының Полиция департаменті 4 қазан күні түнде жастар арасында төбелес болғанын растады. Жас жігіттер сөзге келіп, кейін жұдырықтаса жөнелген.

«Жанжал нәтижесінде екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілді. Біреуі реанимация бөлімшесінде көз жұмды. Адам өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Төбелеске қатысқандардың бәрі ұсталып, уақытқа ұстау изоляторына қамалды», - делінген Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Толық, жан-жақты және объективті зертеу үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауында.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары