598
Алматылық келіншек шетелдік азаматты өлтірген
Алматыда шетелдік ер-азаматты әлдекімнің аяусыз өлтіргені жайлы ақпарат тарады.
Ер адам Ресейдің азаматы. Оны бірге тұрған келіншек өлтіріп, мүшелеп тастағаны айтылды.
Полиция адам өлгені жайлы ақпаратты растады.
«Аталған факті бойынша Әуезов ауданының полициясы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр», - деді Алматы Полиция департаменті.