«Көреміздің кейіпкері»: Ләйлә Сұлтанқызы декретте отырған кезіндегі суретін жариялады

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Instagram-дағы парақшасына декретте отырған кезіндегі суретін жариялады.

«Көреміздің кейіпкері»: Ләйлә Сұлтанқызы декретте отырған кезіндегі суретін жариялады
Автор
Админ
408

Суреттен журналистің отыздан енді асқан жаз кезін, екі ұлы Санжар мен Сардарды көруге болады.

«Декреттің де соңы бар. Берілмейміз, қыздар. Кімге жіберу керек екенін білесіздер», — деп жазды өзі.

Суретті көрген желі қолданушылары да таңданысын жасыра алмай, түрлі пікір білдіріп жатыр.

«Сіз де біздей болғансыз, біз де сіздей болармыз», «Көреміздің» немесе «Астарлы ақиқаттың» кейіпкері ме деп қалдық», «Сізді танымай, бірінші фотоны көріп, мына әйелге не болды екен деп ойладым», «Мотивацияға толы фото» деп жазды олар.

 

Серіктес жаңалықтары