Батыс Қазақстанда жоғары лауазымды полиция қызметкері күдікке ілінді

Қазір ол ешқайда шықпау туралы қолхат берген.

Батыс Қазақстанда жоғары лауазымды полиция қызметкері күдікке ілінді
istockphoto.com
Автор
Админ
272

Жәнібек ауданының аудандық соты АІІБ басшысының орынбасары, полиция майорын үйқамаққа жіберді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол алаяқтық күдігіне ілінген.

24 тамызда ол шаруа қожалығының басшысынан 400 мың теңге талап еткен. Есесіне жыл бойы қамқорлық жасаймын деп уәде берген. Ақшаның бір бөлігін тамызда, екінші бөлігін қыркүйекте алмақ болыпты.

«Жәбірленуші мал өсіріп, өнімін сатумен айналысқан. Полицейдің мұндай көмегі қажет болар деп, 28 тамызда 200 мың теңге берген», - деп хабарлады облыстық сот.

Кейін жәбірленуші полицейдің талабы заңсыз екенін түсініп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінген. 14 қыркүйекте полиция қызметкері ақшаның қалған бөлігін алып жатқан кезінде қолға түсті.

Енді ол алаяқтық бабы бойынша сотталуы мүмкін. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары