АЭС – жарқын болашақ кепілі

АЭС – жарқын болашақ кепілі
307

"Qarmet" АҚ металлургия комбинатында АЭС салу бойынша кездесулер мен талқылаулар ұйымдастырылды. "Домна цехы" бастауыш партия ұйымында дөңгелек үстел форматында, ал Теміржол көлігі басқармасы және Технологиялық диспетчеризация цехында еңбек ұжымдарымен кездесу аясында пікір алмасу болды .

Кездесу барысында 6 қазанда өтетін атом электр станциясының құрылысы бойынша республикалық референдум туралы ақпарат берілді. Қазақстан АЭС жобасының ең жоғары стандарттарға сай болуы және ел мүддесіне толық жауап беруі үшін белсенді жұмыс істеуде. АЭС салу туралы шешім барлық ықтимал тәуекелдерді ескере отырып және ел мүдделеріне толық сәйкес қабылданатын болады. Бұдан басқа, атом энергетикасын дамыту Қазақстанға энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға және экономикалық өсу үшін тұрақты энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл – тек экологиялық таза энергетиканы ғана емес, сонымен қатар елдің стратегиялық тұрақтылығын арттыру бағытындағы қадам.

Серіктес жаңалықтары