«+30 градусқа дейін ысиды»: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстанның батыс өңірінде күн айтарлықтай ысиды.

«+30 градусқа дейін ысиды»: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
сурет ашық дереккөзден алынды
199

Синоптиктер 5-7 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, биыл 5-6 қазанда батыста, солтүстік және шығыс облыстарда ауа райы ашық құрғақ болады. Оған скандинавиялық антициклон ықпал етеді. Күндіз батыста ауа температурасы 23-30 градусқа дейін ысыса, ал солтүстік және шығыста күн 15-23 градус жылы болады. Алайда түнде ауа температурасы нөлден төмендеп, күн салқындайды.

7 қазанда солтүстік пен шығысқа суық атмосфералық фронт пен бұлттар тарайды. Сондықтан жауын-шашын (жаңбыр) түсіп, жел күшейеді, күндіз ауа температурасы төмендейді.

5-7 қазанда оңтүстікте және орталықта, атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады.

6-7 қазанда таулы аймақтарда найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, жел күшейеді, түнде және таңертең таулы аймақтарды тұман басады деген болжам бар.

Серіктес жаңалықтары