54584
Әнші Гүлнар Сиқымбаева өмірден өтті
Оның айтуынша, 6 қазанда өнер иесінің жаназасы оқылады
Белгілі әнші Гүлнәр Сиқымбаева дүниеден озды. Бұл туралы журналист Оралхан Дәуіт желідегі парақшасында жариялады.
"Қайран, Гүлнәр әпке... Бір ауылда туып-өссек те жүзбе-жүз сөйлесуді Алла Тағалам жазбаған екен. Телефон арқылы талай мәрте әңгімелесіп, сұхбат та алдым. Өте ашық жарқын, керемет жан едіңіз. Өмірден ерте өткен анаңыз туралы жиі айтып, мұңайып қалушы едіңіз. Енді міне, аяқ астынан анаңыздың артынан аттанып кете барыпсыз... Алла Тағалам о дүниеңізді берсін. Ағайын, бүгін белгілі әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Гүлнар Сиқымбаева қайтыс болды", - деп жазды ол.
Оның айтуынша, 6 қазанда өнер иесінің жаназасы оқылады.