320
Қостанайда жұмысшы бетон араластырғышқа құлап, көз жұмды
Марқұмның артында алты баласы қалды
Қостанай облысындағы зауытта жұмысшы бетон араластырғышқа құлап, көз жұмды.
Оқиға Қостанай ауданының Садовый кентінде «БК-Строй» кірпіш зауытында болды. Полиция департаменті бұл оқиғаны растады.
Қазір еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Жұмысшы ресми түрде жұмысқа орналаспаған, оның орнына құжаттарға сәйкес қызы тіркелген. Марқұмның артында алты баласы қалды.