216
Қазақстанда 84 учаскеде референдумға дауыс беру ерте басталды
Қазақстанда таңғы сағат 06:00-де 84 учаскеде АЭС салу бойынша республикалық референдумға дауыс беру басталды.
Ол сайлау учаскелері әскери бөлімдер мен вахталы ауылдарда жасақталған.
Бүгін жалпы саны 10 323 учаске жұмыс істейді, соның ішінде әлемнің 59 елінде 74 учаске жасақталған.
Дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Дауыс беруге еліміздің 18 жасқа толған азаматтары қатыса алады. Республикалық референдумда 12 244 683 адам дауыс беру құқығына ие.