103 жастағы ардагер референдумға дауыс берді

Өңір бойынша 492 380 тұрғын дауыс берушілер тізіміне енген

103 жастағы ардагер референдумға дауыс берді
Өңірлік коммуникациялар қызметі
241

Бүгін елімізде өтіп жатқан республикалық референдумға дауыс беру үшін учаскеге алғаш болып 103 жастағы ардагер келді, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қызылорда облысы Сырдария ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров референдум күні алғашқылардың бірі ретінде өз учаскесінде бюллетень алып, дауыс берді. Қария бұл күннің маңызын атап өтіп, комиссия мүшелеріне ақ батасын берді.

Біз қазақ «Алға тартқан озады, кейін кеткен тозады» деген тәмсілге бас иген халықпыз. Бірлік әрқашанда маңызды. Ел үшін өзекті істерге үлес қосуымыз керек. Сондықтан әрбір саяси науқан кезінде өз таңдауымды жасаймын. Мемлекеттің дамуы келешегіміз үшін қажет. Ұрпақтарымыз аман болсын, – деді ардагер.

Айта кетейік, аймақта 380 референдум учаскесі бар. Дауыс беру 20.00-ге дейін жалғасады. Түскі 12.00-ге дейін азаматтар үйден дауыс беруге өтініш қалдыра алады.

Өңір бойынша 492 380 тұрғын дауыс берушілер тізіміне енген.

Серіктес жаңалықтары