182
Премьер-министр алғашқылардың бірі болып дауыс берді
Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша дауыс беру басталды.
Біріншілердің бірі болып Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов дауыс берді.
Үкімет басшысы Астанадағы Оқушылар сарайында дауыс берген.
Дауыс беру бүгін кешкі 20:00 дейін жалғасады. Дауыс берушілер тізімінде 12,3 млн қазақстандық бар.