297
Ұлттық киім киген әзербайжан ұлтының өкілдері референдумда дауыс берді
Референдумға ынтымақ пен ырысы жарасқан сан алуан ұлт өкілдері белсенділікпен қатысып, өз таңдауларын жасауда. Мысалы, Жетісу облысына қарасты Көксу ауданында тұратын әзербайжан ұлтының өкілдері учаскеге ұлттық киімдерін киіп келді.
«Бүгін елімізде өтіп жатқан референдумда өз таңдауымызды жасайық деген ниетпен келдік. Ел тағдырына алаңдайтын барлық тұрғын бүгінгі шарадан қалыс қалмауы тиіс деп ойлаймыз. Өзгерістердің барлығы оңынан болсын!» – дейді аудан тұрғыны Шах Гусейн Аббасұлы.