233
Референдум: Қазалыда 50-ден астам тұрғын бір уақытта дауыс берді
Қазалыда 50-ден астам тұрғын бір уақытта референдумда дауыс берді.
Қазалылықтар ел ертеңі үшін қабылданып жатқан маңызды шешімге бірауыздан белсенді қатысып жатыр.
Әйтеке би кентіндегі М.Матаев атындағы №170 мектепте орналасқан №362-ші референдум учаскесіне бір мезетте 50-ден астам кент тұрғыны келіп, өз таңдауын жасады.
Жалпы Қызылорда өңірінде тұрғындар белсенділігі уақыт өткен сайын артып келе жатқаны байқалады. Айта кетейік, сайлау учаскелерінде волонтерлер қызметі де жоғары деңгейде үйлестірілуде. Волонтерлер – Референдумға келген дауыс берушілерге жол сілтеп, бағыт беріп жатыр. Қарт кісілер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қол көмек беріп, қолдау көрсетуде.