195
Түркістан облысында отандасқандарына 52 жыл болған жанұя референдумда дауыс берді
Бүгін отандасқандарына 52 жыл болған Үсенбаев Дүйсенбай жұбайымен бірге келіп өз таңдауын жасады.
Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Қарабау ауылы округіндегі №290 дауыс беру учаскесінде «Отбасымызбен дауыс береміз» акциясы аясында тұрғындар референдумға белсенді қолдау білдіруде.
Бүгін отандасқандарына 52 жыл болған Үсенбаев Дүйсенбай жұбайымен бірге келіп өз таңдауын жасады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста 1 млн 180 мыңнан астам дауыс беруші бар. Таңғы 07:00-ден бастап облыс бойынша 945 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Учаскелерде 6 433 байқаушы мен 20 мобильді капитан жұмыс істеуде.