Сұлулық байқауларының жеңімпаздары дауыс берді

«Қазақстан-2023» аруы, «Әлем аруы Қазақстан-2023» және «Алматы аруы-2024» Алматыда референдумда таңдауын жасады.

Сұлулық байқауларының жеңімпаздары дауыс берді
Автор
Админ
109

«Қазақстан-2023» аруы Сәбина Ыдырысова, «Әлем аруы Қазақстан-2023» Мәдина Әлмұханова және «Алматы аруы-2024» Эльдана Сауранбаева Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша референдумға қатысты. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Қыздар сайлау учаскелеріне тәж киіп, лентасын тағып келді. Олар референдумның маңыздылығын атап өтіп, ұстанымын білдіру азаматтық жауапкершіліктің маңызды бөлігі екенін айтты.

«Бүгін қабылдаған әрбір шешіміміз болашағымызға әсер ететініне сенемін. Жас буын өкілі ретінде еліміздің болашағына қатысуымыз керек деп ойлаймын. Референдум қоғамды жақсылыққа ұмтылуда біріктіретін маңызды оқиғаға айналды», – деді Сәбина Ыдырысова №295 учаскеде дауыс бергеннен кейін.

«Әлемді аралап, сұлулық байқауларына қатысқан кезде түрлі елдердің мәселені қалай шешетінін көрдім. Бізде болашағымызға әсер етуге мүмкіндік бар, мен барлық тұрғындарды осы мүмкіндікті пайдаланады деп үміттенемін», - деді Мәдина Әлмұханова. 

«Референдум – азаматтық борышымызды көрсетудің мүмкіндігі. Біз сұлулық байқауларына қатысушылар ретінде елдегі барлық азаматтың өмірін жақсартуға және Қазақстанның болашағына оң өзгерістер енгізуге ықпал ететін бастамаларды қолдаймыз», - деп санайды Эльдана Сауранбаева. 

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС салу жөніндегі республикалық референдум өтіп жатыр. Қала басшысы Ерболат Досаев жұбайымен бірге №388 мектеп-лицейіндегі сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келіп, дауыс берді. Алматы тұрғындары сайлау учаскелеріне барып, сағат 20:00-ге дейін дауыс бере алады.

Серіктес жаңалықтары