288
Ұлттық киім киген «Ұйғыр» этномәдени орталығының мүшелері референдумға қатысты (ВИДЕО)
Жетісу облысына қарасты Панфилов ауданындағы этнос өкілдері референдумға белсенді атсалысып жатыр.
Жаркент қаласындағы «Ұйғыр» этномәдени орталығының мүшелері учаскеге ұлттық киімдерін киіп келді.
«Біз үшін еліміздің жарқын болашағы маңызды. Біз сол үшін өз таңдауымызды бірауыздан жасап, референдумда белсенді болуға келіп отырмыз», – дейді «Ұйғыр» этномәдени орталығының жетекшісі Т.Заитов.