"Референдумның қорытындысы елімізді оң өзгерістерге бастайды – Әділғазы Қайырбеков

"Референдумның қорытындысы елімізді оң өзгерістерге бастайды – Әділғазы Қайырбеков
100

Белгілі ақын, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Әділғазы Қайырбеков Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумға қатысты.

Ол Алматыдағы Әуезов ауданындағы № 123 мектепте орналасқан №624 сайлау учаскесіне келді. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

«Бүгін референдум өтіп жатыр, оның қорытындысы еліміздегі өзгерістерге әсер етеді. Қазақстан халқына АЭС құрылысы мәселесі бойынша көзқарасын білдіру мүмкіндігі өте маңызды. Осы мәселеге қатысты барлық түйткілді зерттеп, мен болашақ ұрпақтың өміріне оң әсер ететін шешімді қолдадым», – деді Әділғазы Жақсылықұлы.

 

Серіктес жаңалықтары