"Ауылдың қарты да, жасы да өз таңдауын жасап жатыр" – бақылаушы

Бүгінгі референдумға үлкен қалалардың ғана емес, ауыл-аймақ халқы да белсене қатысып жатыр.

"Ауылдың қарты да, жасы да өз таңдауын жасап жатыр" – бақылаушы
Автор
Админ
335

Осы орайда біз Талғар ауданы, Қайнар ауылдық округіне қарасты Еламан ауылының мектебінде орналасқан №1050 сайлау учаскесінің бақылаушысы Ерлік Тілеубайұлына хабарласып, ауылдағы референдумның өту барысы жайлы сұрадық.

«№1050 сайлау учаскесі таңғы жетіде ашылды. Комиссия мүшелері уақытылы келген. Қасымда басқа партиялардың мүшелері де отырды. Еламан ауылында 4 500-ге жуық адам тұрады. Ауылдың қарты да, жасы да азаматтық борышына бей-жай қарамай, келіп, өз таңдауын жасап жатыр. Қазірдің өзінде ауыл халқының 65%-ы дауыс берді. Сөз жүзінде емес, осылай келіп, ұстанымын іс жүзінде көрсетіп, дауыс беріп жатқандары көңіл қуантады. Ешқандай заң бұзушылық болған жоқ. Қайнар округінде 7-8 ауыл бар. 26 көмекшім бар. Олар да басқа мектептерде бақылап отыр», - дейді ол.

Ерлік Тлеубайұлы – Талғар ауданы Қайнар округінің «АМАНАТ» партиясың Бастауыш партия ұйымының төрағасы. Талғар ауданы Еламан ауылындағы №41 орта мектептің мұғалімі.

 

Серіктес жаңалықтары