400
Семейде бүгін отау құрған жас жұбайлар референдумға дауыс беруге келді
Семейде жас жұбайлар референдумға дауыс беруге келді.
Қол ұстасқан жас жұбайлар референдумға дауыс беру үшін Семей қаласының №44 орта мектепте орналасқан №42 сайлау учаскесіне келді. Дарын Ермеков пен жұбайы Шынар Ермекова айтулы күні өз таңдауларын жасады.
Олардың бір-біріне деген көзқарастары таңдауларының маңыздылығын көрсеткендей. Әркім өз таңдауын жасаған соң, сайлау жәшігіне бюллетеньдерін бірге салып, өз болашағын, ел өміріндегі болуы мүмкін өзгерістерді талқылап, сайлау учаскесінен жақсы көңіл-күймен шықты.