Көкшетауда полицейлер жанып жатқан пәтерден тұрғындарды эвакуациялады

Полиция мен өрт сөндіру қызметінің жедел әрекетінің арқасында адам шығыны болған жоқ

Көкшетауда полицейлер жанып жатқан пәтерден тұрғындарды эвакуациялады
polisia.kz
380

Көкшетауда полицейлер жанып жатқан пәтерден тұрғындарды эвакуациялауға көмектесті.

4 қазан күні кешкі уақытта патрульдік полиция қызметкерлері Аманжол Мұратов пен Мейрам Шайжановқа Сүлейменов көшесіндегі тұрғын үйдің 4-қабатында өрт шыққаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына келгенде өрттің пәтердің едәуір бөлігін шарпығанын көрдік. Өрт кезінде ер адам балконнан секіріп кетті, ал менің әріптесім жедел жәрдем келгенге дейін оның жанында болды. Пәтердің ішінде тұрғындар болды, өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтаумен айналысып жатқанда, біз адамдарды эвакуациялай бастадық, — деді Мұратов.

Тәртіп сақшылары екі баласы бар ананы, әжей мен әйел адамды тез арада қауіпсіз жерге шығарды. Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп, жалынның көрші пәтерлерге өтуіне жол бермеді.

Полиция мен өрт сөндіру қызметінің жедел әрекетінің арқасында адам шығыны болған жоқ.

Серіктес жаңалықтары