Оралдықтар отбасыларымен бірге дауыс беріп жатыр – бақылаушы

Оралдықтар отбасыларымен бірге дауыс беріп жатыр – бақылаушы
Автор
Админ
365

Орал қаласы № 42 «Ақ ниет» гимназиясындағы №454 учаскесіне бақылаушы болып бекітілген Шаттыгүл Дүйсенғалиева барлық процедура өз ретімен орындалып жатқанын айтты.

«Бүгін  – мемлекетіміз үшін маңызды күн. Республикалық референдум ойдағыдай өтуде. БҚО-ның орталығы – Орал қаласының тұрғындары да отбасыларымен бірге дауыс беру учаскелеріне барып, констутициялық құқықтары бойынша дауыс беріп жатыр. Мен «AMANAT» партиясының бақылаушысы ретінде №454 учаскенің жұмысын жіті бақыладым. Барлық процедура өз ретімен орындалып жатыр және ешқандай құқық бұзушылықтар анықталмады. Дауыс беруге келіп жатқан халықтың көңіл-күйі жақсы әрі дауыс берушілер саны бірқалыпты», – деді  ол.

Серіктес жаңалықтары