Атырауда бір түнде 40-қа жуық бала жоғалып кетті

Мереке кезінде ондаған бала қалың нөпірдің арасында адасып қалған

Атырауда бір түнде 40-қа жуық бала жоғалып кетті
фото: видеодан скриншот
788

Кеше Атырауда қала күні атап өтілді. Мерекеге арналған концерт кезінде 40-қа жуық бала алаңда адасып қалған, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Атырау облыстық полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасында жарияланған ақпарат бойынша, мерекелік іс-шараларға байланысты облыс полицейлері күшейтілген қызмет режиміне көшірілген.

Кеше мерекеге орай өткен іс-шара кезінде Исатай-Махамбет орталық алаңына 10 мыңға жуық адам жиналған. Мереке кезінде ондаған бала қалың нөпірдің арасында адасып қалған.

"Концерт барысында тәртіп сақшылары көптің арасында балаларынан көз жазып қалған 40-қа жуық ата-анаға көмек көрсетті, полицияның келісілген жұмысының арқасында барлық бала тезарада отбасына қайтарылды", - деп хабарлады полиция өкілі.

Серіктес жаңалықтары