Халықтың барынша белсенділік танытқанын айқын аңғардық – Елнұр Бейсенбаев

Күні кеше АЭС салу жөніндегі референдум аяқталды.

Халықтың барынша белсенділік танытқанын айқын аңғардық – Елнұр Бейсенбаев
Ғаламтор
Автор
Админ
259

Халықтың 70%-ға жуығы атом электр станциясын салуды қолдап дауыс берген. Мәжілістегі «АМАNАТ» Фракциясының төрағасы,  Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев осы референдумға халықтың белсене қатысқанын, ешкімнің бұл мәселеде бей-жай қалмағанын айтады.

«Тарихи сәт! АЭС бойынша референдум да өз мәресіне жетті. Халық азаматтық ұстанымын білдіріп, өз таңдауын жасады. Оның алдын-ала қорытындысы жарияланды. Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 63,87%-і бюллетень алған. Бұл - жақсы көрсеткіш. Халқымыздың ел болашағына бей-жай қарамай, барынша белсенділік танытқанын айқын аңғарып отырмыз. Ең бастысы, референдумда дауыс беру ашық, таза және әділ өтті. Бұл Мемлекет басшысы ұсынған әділетті Қазақстанның нақты жүзеге асып жатқанына тағы бір дәлел. Осынау маңызды мәселе бойынша Қоғамдық даму институты жүргізген Exit Poll-дың алғашқы қорытындысы да мәлім болды. Оның нәтижесі бойынша сауалнамаға қатысушылардың 72,3%-ы Қазақстанда атом электр стансасының құрылысымен келісемін деп жауап берген», – деп жазды ол.

Депутат халық таңдауы ел болашағын баянды ететініне нық сенімді.

«Елімізде алғаш рет экономикалық-әлеуметтік бағыттағы референдум өз нәтижесін берді. Бұл расында да алғаш рет осылай халықтың ат салысуымен өтіп отырған әлеуметтік-экономикалық бағыттағы референдум үшін үлкен нәтие деп есептеймін. Еліміздің болашағы жарқын. Атом электр станциясының болашақта іске қосылғанының куәгері болайық», – дейді ол.

Серіктес жаңалықтары