«Анасының көзінше өлтірген»: Талғардағы бозбаланың өліміне қатысты тың дерек шықты

Бір құты сыра өрімдей жастың өліміне себеп болған.

«Анасының көзінше өлтірген»: Талғардағы бозбаланың өліміне қатысты тың дерек шықты
КТК таспасынан скрин
Автор
Админ
1769

Бірнеше күн бұрын Талғар қаласында бір топ азаматтың арасында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат көз жұмған еді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шерзаттың әкесі Болат жалға дүкен алып, сауда жасаған. Сол күні бәрі сол дүкенде басталған. Бір жас жігіт дүкенге келіп, бір құты сыра алып, ақшасын төлемей кете барған. Болат сыраның ақшасын төлеуді талап еткен. Арада жанжал туындаған.

Болаттың інісі мен ұлы, 16 жастағы Шерзат клиенттен кетуді сұраған. Бірақ сыра алған жігіт достарына қоңырау соғып, дүкенге үш машинамен бір топ жігіт келген. Арасында үш-төрт қыз да болған.

«Ұлым маған қоңырау соғып, қазір бізді ұрады деді. Мен бірден дүкенге бардым. Мен барған кезде ұлым мен қайнымды жол бойында ұрып жатты. Жолдасым пышақ ұстаған жігітті әрі итеріп жатты. Ондағылардың бәрінде пышақ пен тапанша болған екен. Ұлымды көз алдымда сабады. Мен оның қанын көрдім», - дейді Шерзаттың анасы Гүлбара Бишембиева.

Туысқандары зардап шегушілерді ауруханаға жеткізгенімен, Шерзаттың өмірін аман сақтап қала алмапты.

Шерзат отбасындағы бес баланың үлкені. 10 сыныпта оқып жүрген. Әскери училищеге түсуге дайындалып жүрген. Төбелеске қатысқан әкесінің інісіне үш жерінен пышақ сұққан. Қазір ол ауруханада жатыр.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Облыстың Полиция департаменті істі ерекше бақылауға алған. Тергеу жүріп жатыр. 

 

 

Серіктес жаңалықтары