Алматыда сарапшылар АЭС бойынша референдумның алдын ала қорытындыларын талқылады

Талқылау барысында референдум өткізу Қазақстандағы саяси мәдениет пен азаматтық қоғамның дамуындағы маңызды кезең болғандығы атап өтілді.

Алматыда сарапшылар АЭС бойынша референдумның алдын ала қорытындыларын талқылады
Автор
Админ
275

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде Қазақстанда АЭС салу туралы республикалықреферендумның алдын ала қорытындыларын сараптамалық талқылау өтті.

 Іс-шараға Орталық Азиядағы new Nuclear Watch Institute консультациялық кеңесінің төрағасы Бауыржан Ибраев, «AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қуаныш Төлепов, сондай-ақ атом ғылымы саласындағы жетекші сарапшылар, профессор-оқытушылар құрамы және Студент жастардың өкілдері қатысты.

Кездесуде ҚР Орталық сайлау комиссиясы жариялаған референдумның алдын ала қорытындылары талқыланды. Мәліметтергесәйкес, азаматтардың 71,12% - ы немесе 5 миллион 561 мың 937 адам атом электрстанциясының құрылысын қолдады.

«Атом электр станциясын салу туралы Референдум еліміздің энергетикалық тәуелсіздігі мен орнықты дамуы жолындағымаңызды қадам болды. Бүгіндеазаматтардың 70% - дан астамы жобаға қолдау білдірген кезде, біздің алдымыздақұрылысты бастау ғана емес, болашақта осы күрделі, бірақ қажетті инфрақұрылымды басқаратын жас мамандарды даярлау міндетітұр. Жастар-Қазақстанның атом энергетикасының болашағы, ал университеттер осы салада жұмыс істеуүшін қажетті құзыреттердіқалыптастыруда шешуші рөл атқарады», – деп атап өтті «Қазақстанның ядролық қоғамы»қауымдастығының ҚР атом ғылымы, энергетика және өнеркәсіп ардагерлері " төрағасы Бауыржан Ибраев.

Энергетика және жасыл технологиялар институтының директоры Айнұр Бегімбетова кадрлық әлеуеттің маңыздылығын атап өтті:

«АЭС пайдалануға берілген кезде жастардайындалуы керек. Бүгінгі таңда атом ғылымысаласындағы мамандарды оқытуға ресурстарды инвестициялау қажет, бұл біздіңғылыми базамыздың дамуына оң әсер етеді. Ол үшін арнайы бағдарламаны әзірлеу қажет. Сондай-ақ, студенттерді атом энергетикасы саласы белсенді дамып келе жатқан Оңтүстік Корея сияқты елдерге жіберу мүмкіндігі болуыкерек. Онда жас мамандар озықтехнологиялармен танысады, содан кейіноларды бізде енгізеді».

Талқылау барысында референдум өткізу Қазақстандағы саяси мәдениет пен азаматтық қоғамның дамуындағы маңызды кезең болғандығы атап өтілді. Азаматтардың осы дауыс беруге қатысуы қазақстандықтардың өзелінің болашағы үшін зейіні мен жауапкершілігінің жоғары дәрежесін айғақтайды.

«АЭС құрылысы бойынша Референдум Қазақстан Президенті Қасым-ЖомартТоқаевтың саяси бағытын жүзеге асырудағымаңызды қадам болды. Бұл дауыс беру еліміздің "халық үніне құлақ асатынмемлекет"қағидаттарына адалдығынкөрсетеді. Азаматтардың референдумға белсенді қатысуы олардың негізгімемлекеттік шешімдерге ықпал етуге дайынекендігін көрсетеді және демократиялық институттарды нығайту жолындағымаңызды қадам болып табылады. Бұлпроцесс халықтың саяси белсенділігіндамытуға және азаматтық жауапкершілікдеңгейін арттыруға ықпал етеді», – деп атапөтті «AMANAT» партиясы Алматы филиалы төрағасының орынбасары Қуаныш Төлепов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 6 қазанда атом электр станциясын салу бойынша республикалық референдум өтеді.

 

Серіктес жаңалықтары