619
«Бейнежазбалар өшірілген жоқ»: Полиция Талғардағы қайғылы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады
Алматы облысының Полиция департаменті маңызды ескерту айтты.
Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Талғар ауданындағы қайғылы оқиға болған жерден бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілді деген жалған ақпарат тарап жатыр. Осыған қатысты облыстық ПД мәлімдеме жасады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қолда бар бейнежазбалар полиция тарапынан тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелгенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта тергеу барысында барлық бейнежазбалар зерттеліп, оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз және жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз», - делінген хабарламада.