«Әскерге көшеден алып кету - заңды»: Қорғаныс министрлігінің өкілі өзекті сұраққа жауап берді

Биылғы күзде 20 мың адамды әскер қатарына шақыру жоспарланған.

«Әскерге көшеден алып кету - заңды»: Қорғаныс министрлігінің өкілі өзекті сұраққа жауап берді
Сурет: istockphoto.com
373

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аталған минисрліктің өкілдері журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz.

«БАҚ-та және әлеуметтік желілерде осындай оқиғалар жазылып жатады. Бірақ бұлардың саны көп емес. Әскер қатарына жылына 40 мыңға тарта адамды шақыратын болсақ, олардың арасында осындай бірді-екілі жағдайлар болып қалуы мүмкін. Оның өзінде Ішкі істер органдары тиісті түрде әскерден жалтарып жүргендерді іздестіру шараларын жүргізіп, оларды армияға алып келуді қамтамасыз етеді.  Сондықтан да олардың іс-әрекеті заңды», - деді Қорғаныс министрілігінің ресми өкілі подполковник Руслан Жангулин.

Алайда, ведомство өкілдерінің айтуынша, әскерден жалтарған жастарды көшеден ұстап әкетуге жол берілмейді. Өйткені, жігіттердің әскерге өз еріктерімен келуі әлдеқайда маңызды.

 

 

 

 

 

 

Серіктес жаңалықтары