«Тоқтатайық»: Жазира Байырбекова желідегі оқырмандарына үндеу жасады

Әнші көпшілікті түнгі он екіде туған күнмен құттықтауды тоқтатуға шақырды.

«Тоқтатайық»: Жазира Байырбекова желідегі оқырмандарына үндеу жасады
instagram
653

Танымал әнші Жазира Байырбекова көпшілікті түнгі он екіде туған күнмен құттықтауды тоқтатуға шақырды.

Әнші түнде құттықтауды желіден еліктеу деп есептейтінін айтты. Сондай-ақ ол соңғы кезде қоғамда болып жатқан жағдайларға байланысты жасөспірімдерге түнде жүрген қауіпті екенін алға тартты.

«Құрметті оқырмандар, түнгі 12:00-де арнайы барып туған күнмен құтықтағанды сіз болып, біз болып тоқтатайық. Достар, туыстар, сыныптастар арасындағы чаттарға да жіберіңіз. Бұл нәрсе ешкімге ыңғайлы емес. Ұйықтар уақытта ешкімге ұнайды деп те ойламаймын. Жәй ғана инстадан көріп, еліктеу арқылы әдетке айналған болу керек. Әсіресе жасөспірімдер үшін түнде жүру қауіпті. Келісетіндеріңіз келісемін деп жаза өтіңіздер», - деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары