Ақмола облысында бірнеше лауазымды тұлға жауапқа тартылды

8 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақмола облысында бірнеше лауазымды тұлға жауапқа тартылды
istockphoto.com
318

Ақмола облысы прокуратурасының ұсынуы бойынша 8 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 2 млн теңгеден астам айыппұл салынған, деп хабарлады turkystan.kz.

Облыс прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізу барысында мемлекеттік органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұза отырып, жалпы сомасы 3,8 млрд теңгеге немқұрайлы себептерімен сатып алудан бірқатар бас тартуды жүзеге асырғанын анықтаған.

 Мысалы, ауданның құрылыс бөлімдерінің бірі объектінің күрделілік деңгейін дұрыс көрсетпеу, бас жоспардың және басқа да құжаттаманың болмауы себебінен мемлекеттік сатып алудан бас тартқан.

Бұл негіздер мемлекеттік сатып алудан бас тарту және одан әрі шарт жасаспау үшін қолданылмайды (Заңның 5-бабы 13-тармағы).

Осылайша, мемлекеттік органдардың аталған заңсыз әрекеттері кәсіпкерлердің құқықтарын, адал бәсекелестік қағидатын бұзады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келеді.

Облыс прокуратурасының ұсынуы бойынша 8 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 2 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

Серіктес жаңалықтары