Іле ауданының әкіміне қандай айып тағылды? – Антикор жауабы

Қарасаев полигонды сенімгерлік басқару мерзімін заңсыз ұзарту арқылы қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

Іле ауданының әкіміне қандай айып тағылды? – Антикор жауабы
gov.kz
303

Антикор Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевқа қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратурамен бірлесіп, оның бірқатар ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деп күдіктеніп отыр.

«Ол өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының рұқсатынсыз қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын сенімгерлік басқару құқығын өзімен үлестес серіктестікке беру арқылы өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді», — деді спикер.

Сонымен қатар, Қарасаев полигонды сенімгерлік басқару мерзімін заңсыз ұзарту арқылы қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

Серіктес жаңалықтары