«Жүрек тұсынан сұққан»: 16 жастағы Шерзаттың ауруханаға қандай жарақатпен түскені белгілі болды
Талғар аудандық ауруханасының дәрігері Ғалымжан Есенәлиев Шерзат Болатұлының қандай жарақатпен түскенін айтты.
16 жастағы бозбала ауруханаға 4 қазан күні түнгі сағат 00:58-де түскен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Шерзаттың әкесі өзінің інісі мен ұлын (Шерзатты) өз автокөлігімен ауруханаға жеткізген.
«Шерзат агональды күйде болды. Алдын-ала диагноз – ашық кеуде жарақаты. Сол жақ кеудесінен пышық сұғылған. Ашық жүрек жарақаты болды. Дереу медициналық көмек көрсетіп, жүрек-өкпе реанимациясын жасағанмен нәтиже болмады», - дейді Есенәлиев.
Шерзаттың ағасы таңертең ауруханадан шыққан.
«Пациенттің жағдайы орташа ауыр болды. Шекесінде, желкесінде гематома болды. Аяқ-қолы іскен. Жабық ми жарақаты, кеуде қуысының жабық жарақаты болды. Миы шайқалған. Оң жамбасына пышақ сұғылған», - деді дәрігер.
Төбелес кезінде тағы бір адам, болжам бойынша Шерзаттың досы да зардап шеккен. Ол ауруханаға жедел жәрдеммен кейін жеткізілген. Қазір амбулаторлық ем алып жатыр.