557
Шымкентте алып сәби дүниеге келді
Алып сәби – көпбалалы отбасының алтыншы перзенті. Ата-анасы оған Тәуекел деп есім берген.
Шымкентте алып сәби дүниеге келді, деп хабарлады turkystan.kz «Қазақстан» телеарнасына сілтеме жасап.
Шымкентте дүниеге келген алып сәбидің салмағы – 6,5 келі, бойы – 63 сантиметр.
Шарананың денесі үлкен болғанымен, дәрігерлер аяғы ауыр әйелді операциясыз босандырып алды. Қазір сәбидің де, ананың да жағдайы жақсы.
Алып сәби – көпбалалы отбасының алтыншы перзенті. Ата-анасы оған Тәуекел деп есім берген.