487
Пара таэквондошы Кәмиля Досмаловаға пәтер мен сыйақы табысталды
Ал оның бапкері Әнуар Үсенов 1,5 миллион теңгенің сертификатын алды.
Алматыда Паралимпиада ойындарының қатысушысы Кәмиля Досмалованы құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz.
Спортшы, пара таэквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, XVII Жазғы Паралимпиада ойындарында бесінші орын иеленді. Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов оның ерік-жігері мен табандылығын атап өтіп, Премьер-Министрдің атынан алғыс хат табыс етті. Кәмиля 2 миллион теңгенің, ал оның бапкері Әнуар Үсенов 1,5 миллион теңгенің сертификатын алды. Сондай-ақ, спортшыға қызметтік баспана берілді.
«Бұл қолдау менің болашақ жетістікке жетуіме серпін береді», – деп Кәмиля қазақстандық жанкүйерлер мен әкімдікке алғыс білдірді
Паралимпиадада Қазақстан құрамасы рекордтық көрсеткіш көрсетіп, тоғыз медаль (2 алтын, 3 күміс, 4 қола) жеңіп алды