280
«Елорда Құрылыс Компаниясының» басшысы сотталды
Сот Р.А. Кадесовтың мүлкін құны пара сомасына тең төрт автокөлік құралы түрінде тәркіледі
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Елорда Құрылыс Компаниясы» ЖШС Бас директоры Р.А. Кадесов пен азамат О.Б. Давлетовке қатысты үкім шығарды.
Р.А. Кадесов О.Б. Давлетов арқылы Астана қаласында көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу шарты бойынша аванс төлегені және сметаны ұлғайтқаны үшін мердігер ұйым басшысынан 170 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен Р.А. Кадесовке 10 жыл, О.Б. Давлетовке – 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген хабарламада.
Сот Р.А. Кадесовтың мүлкін құны пара сомасына тең төрт автокөлік құралы түрінде тәркіледі, сондай-ақ мемлекет кірісіне 170 млн теңге мөлшерінде пара сомасы өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.