318
Ақмола облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті
Зардап шеккендер жоқ. Компания өкілдері оқиғаның себептерін тексеру үшін комиссия жіберілгенін мәлімдеді.
Ақмола облысындағы Сұрған стансасында жүк пойызы рельстен шығып кетті. Таңертең пойыз қозғалысы қалпына келтірілді
9 қазан сағат 17:40-та Есіл-Құсмұрын учаскесінің Сұрған стансасында электровоз бен жүк пойызының вагондары рельстен шығып кеткен.
Зардап шеккендер жоқ. Компания өкілдері оқиғаның себептерін тексеру үшін комиссия жіберілгенін мәлімдеді.
Ал 10 қазан сағат 03:50-де Сұрған стансасы бойынша пойыздарды өткізу үшін қозғалыс ашылған. Бұл уақытқа дейін апат салдары жойылған.
Жолаушылар пойыздары өткізілгеннен кейін осы учаскеде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін «толаскез» беру жоспарланған.