Марат Қожаев Сенат депутаты ретінде ант қабылдады

Марат Қожаев Сенат депутаты ретінде ант қабылдады
скриншот
491

10 қазанда палатаның жалпы отырысында Сенат депутаты болып тағайындалған Марат Қожаев Қазақстан халқына ант берді.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Марат Қожаевты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сенатор етіп тағайындағанын еске салды.

«Сізді сенатор болып тағайындалуыңызбен құттықтаймыз және депутаттық қызметіңізге табыс тілейміз. Ел мүддесі жолындағы жемісті еңбектеріңізге сенім білдіреміз. Марат Қожаев Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі болып жұмыс істеуге ниет білдірді», — деді Әшімбаев.

Ол конституциялық нормаларға сәйкес тағайындалған депутат ант беруі керектігін атап өтті.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін», — деді Марат Қожаев.

Серіктес жаңалықтары