275
Алматыда зейнеткер күйеуіне бензин шашып, өртеп жіберген
Ер адам қайтыс болды.
Құқық қорғаушылардың мәліметінше зейнеткер мас кезінде күйеуіне бензин шашып, өртеп жіберген. Ер адам үшінші дәрежелі күйікпен ауруханаға жеткізілген.
«Кісі өлімі фактісі бойынша Медеу аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді Алматы қаласының Полиция департаменті.