252
1,7 млн теңге пара алған Спорт басқармасының басшысына қатысты тергеу аяқталды
Антикор Атырау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысына қатысты тергеу ісінің аяқталғанын хабарлады.
Экс-басшы 2024 жылдың наурыз айында қарамағындағы ұйымдардың бірінен пара алды деген күдікке ілінген. Тергеушілер оның осы іс пен басқа да істерге қатыстылығын анықтады.
«Оған өзіне бағынышты Олимпиадалық резерв даярлау орталығының жаттықтырушысынан 1,7 млн теңге пара алды деген айып тағылды. Ол бұл ақшаны спортшылардың оқу-жаттығу жиынына баруына бюджет қаражатын бөлу үшін алған. Тергеу оның мемлекетке шығын келтірген басқа да істерге қатыстылығын анықтады. Күдіктілер мен олардың қорғаушылары сотқа дейінгі тергеу материалдарымен танысып жатыр», - деді Антикор өкілі.
Қоспанов облыстық спорт басқармасының басшысы қызметіне 2023 жылдың шілдесінде тағайындалған.