Димаштың испаниялық жанкүйерлері балаларды оңалту орталығына қомақты қаржы аударды

Испаниядан келген жанкүйерлер Димаштың Астанада өткен жеке концертінен кейін 1000 еуроны орталыққа табыстаған.

Димаштың испаниялық жанкүйерлері балаларды оңалту орталығына қомақты қаржы аударды
сурет ашық дереккөзден алынды
352

Қыркүйек айында Димаш Құдайбергеннің испандық фан-клубы Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығында емделіп жатқан балаларға қолдау көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz. 

Қаражат балалары орталықта ұзақ уақыт емделіп жатқан отбасыларға тұрмыстық заттар сатып алуға жұмсалды. Осы қайырымдылықтың бір бөлігі ретінде пациенттер мен олардың ата-аналарына микрофон, теледидар сияқты техникалық бұйымдар да сатып алынған.

Ұлттық балаларды оңалту орталығы (2016 жылға дейін – Республикалық оңалту орталығы) 2007 жылдың 10 қыркүйегінде құрылып, содан бері әртүрлі дертке шалдыққан, соның ішінде аутизм спектрі бұзылған балаларға кешенді оңалту қызметін көрсетіп келеді. Орталық жыл сайын 4200-ден астам балаға көмек көрсетіп, кешенді медициналық, білім беру және әлеуметтік қолдау көрсетумен шұғылданады. Жұмыс істеген 15 жыл ішінде орталықта 61 647 бала емделсе, оның 32 975-і сәтті әлеуметтендірілген.

Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің үнемі түрлі қайырымдылық шараларына  атсалысады. Бұдан бұрын да көптеген әлеуметтік көмектер жасалған болатын. 

Серіктес жаңалықтары