Семейде досымен бәстескен жігіт көпірден секіріп кетті

Ер адам орталық полиция бөлімшесіне жеткізілді

Семейде досымен бәстескен жігіт көпірден секіріп кетті
фото: видеодан скриншот
334

Семей қаласында досымен бәстескен жігіт көпірден суға секірді.

Абай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 10 қазан күні таңғы сағат 5:30 шамасында болған. Досымен бәстескен жігіт қаладағы ескі көпірден Ертіс өзеніне секірген. Абырой болғанда, оған ешқандай зақым келмей, жаңа көпірге қарай жүзіп кеткен.

«Сол жерге полиция қызметкерлері келіп жетті. Өз бетімен жағаға жүзіп жеткен 22 жастағы қала тұрғыны медициналық көмекке мұқтаж болмады», — делінген ақпаратта.

Ер адам орталық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Тәртіп сақшылары оған профилактикалық мақсатта түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Осы ретте, полиция департаменті мұндай әрекеттердің ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін және тек сол адамның өзіне ғана емес, айналасындағылардың да өміріне қауіп төндіретінін ескертті.

Серіктес жаңалықтары