410
Астанада «Жұлдызды аспан» мен «Өмір ағашы» пайда болды
Елордада барып демалатын тағы бір әдемі жер пайда болды.
Онда «Жұлдызды аспан» туннелі мен «Өмір ағашы» мүсіні, сондай-ақ сарқырама орналасқан.
«Жобаның негізгі идеясы – «Өмір ағашы». Табиғи-рекреациялық аймақ VII әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне арналған. Парк концепциясы Қазақстандағы түрлі конфессиялар мен ұлттар арасындағы ынтымақтастық, достық пен бірлікті насихаттайды.
Қоғамдық орын Тәуелсіздік даңғылы мен Панфилов көшесінің қиылысында орналасқан.