335
Сәтпаев тұрғыны «Қазақмысқа» жұмысқа тұру үшін пара берген
Келіншек өзін жұмысқа тұрғызамын деп алдап, ақша алған танысының үстінен арыз жазған.
Ұлытау облысының Полиция департаментінің хабарлауынша, 2023 жылы ер адам оған «Қазақмыс» корпорациясына оператор-бағдарламашы лауазымына жұмысқа тұрғызамын деп уәде берген.
«400 000 теңге ақша қаражатын алған. Тергеу шараларының барысында күдікті анықталды. Ол Сәтпаев қаласының 30 жастағы тұрғыны болып шықты», - деді полиция.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық іс тергеу сатысында.