Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылық құрамы жазаланды

11 лауазымды тұлға заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылық құрамы жазаланды
istockphoto.com
281

Қазақстанда мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 11 лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды.

Жоғары аудиторлық палатаның мәліметінше, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын басқаратын 11 лауазымды тұлға заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Жүргізілген тексерулер нәтижесінде Қазақстанның бюджеттік және өзге де заңнамасынан, сондай-ақ ұйымның ішкі нормативтік құжаттарынан бірқатар заң бұзушылықтар анықталған. 

«Нәтижесiнде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының және оның аймақтық филиалдары басшылығының 11 өкiлiн, сонымен қатар қор басқарма төрағасының орынбасарларының бiрiн тәртiптiк жауапқа тарту туралы қаулы қабылданды», – деп мәлімдеді жоғарғы аудиторлық палатаның баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары