Құны 2 млн теңге болатын балық аулаған браконьерлер ұсталды

Құны 2 млн теңге болатын балық аулаған браконьерлер ұсталды
istockphoto.com
461

Қарағанды облысында полицейлер балықты заңсыз аулаған браконьерді ұстады, деп хабарлады turkystan.kz. 

Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен және “Охотзоопром” РМК инспекторларымен бірлесіп Балқаш көлінің жағалау жиегінде тікелей рейдтік іс-шаралар өткізді. Олар сағат 20:30 шамасында Алматы-Балқаш тас жолында келе жатқан ауыр жүк тиелген жеңіл автокөлікті байқады.

Полицейлер Балқаш қаласының 36 жастағы тұрғыны басқарған көлікті тоқтатты. Тексеру барысында автокөліктің салонынан жалпы салмағы 280 келі болатын аскөк, жаңа ауланған көксерке балықтары табылып, тәркіленді.

Келтірілген шығын көлемі 2 миллион теңгені құрады. Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары