625
Талғардағы Шерзаттың үйіндегі өрт: ІІМ бірінші орынбасары оқиға орнына барды
Жедел-тергеу тобы құрылды
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов Талғардағы өрт шыққан марқұм Шерзат Болаттың үйіне барды.
"Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына келдім. Жедел-тергеу тобы құрылды. Менімен бірге Ішкі істер министрлігінің өкілдері қызмет атқаруда. Бейнежазбалар тексеріліп, куәгерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлер ұсталып, жауапқа тартылады. Қылмыстық іс министрдің ерекше бақылауында", - деді Бауыржан Аленов.