Балалар үйінен қашып кеткен жасөспірім қыздар табылды

Қыздардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнбегені белгілі, ал аталған оқиға фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды

Балалар үйінен қашып кеткен жасөспірім қыздар табылды
Sputnik / Владислав Воднев
418

12 қазанға қараған түні Шақат ауылының балалар үйінен қашып кеткен екі жасөспірім табылды.

16 жасар Аида Бусурманова мен 14 жасар Снежана Бабидің жоғалып кеткені туралы айтып, өңір полицейлері дабыл қақты.

12 қазанда іздеу жұмыстарына таңертең жергілікті еріктілер ұйымы бірден кірісіп, әріптестіктегі бұл істің нәтижелі аяқталғанын мәлімдеді.

Қыздардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнбегені белгілі, ал аталған оқиға фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.

Серіктес жаңалықтары